Өңірлер

2015 жылы су тасқыны салдарын жою үшін 8,5 мыңнан астам құтқарушы мен 1,2 мың дана техника дайындалды

2015 жылы су тасқынына дайындық мақсатында ІІМ бөлімдері 8 561 адам мен 1 255 дана техниканы дайындады, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 16:37

«Ағымдағы жылы су тасқынына дайындық мақсатында 3 наурыздан бастап  ІІМ жедел әрекет ету бөлімінің  8 561 адамы, 1 255 дана техникасымен 9 тікұшағы және 211 дана жүзу құралдары дайындалды»,- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, Ұлттық гвардиядан - 2585 адам, 260 дана техника, ІІД  жеке құрамнан - 760 адам және 79 техника жұмылдырылды.

Бұдан басқа, Божконың айтуынша, аймақтарда су тасқынына дайындақ жүргізу аясында 12 мен 13 наурыз аралығында «Көктем - 2015» республикалық командалық-штаб оқулары өтті, оған төтенше құтқару қызметінің 12 мыңнан астам бөлімшесі, 162 мың адам мен 25 мың дана техника қатыстырылды.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика