Өңірлер

В.Божко: Қазақстанда егіс науқаны жауын-шашынның көп болуынан кідіріп қалуы мүмкін (ФОТО)

Қазақстанда соңғы уақытта болған жиі болған жауын-шашындардың салдарын егіс науқаны кідіріп қалуы мүмкін, деді Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан 26 Мамыр, 16:24

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің жағдайдың күрделі екендігін айтып ескертіп жатқаны дұрыс. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы уақытта жауған жауын-шашынның салдарынан топырақ қосымша ылғалданып, техника шыға алмай жатыр, егіс жұмыстары кідіруде. Бұндай жағдай егін егу жұмыстары кейінгі қалдыруға мәжбүр етуі мүмкін»,-деді В.Божко.

Оның айтуынша, ауа райының күрделілігіне қарамастан егіс жұмыстары әрине, тоқтап қалмайды, жұмыс кешігіп барып болса да жалғасады. «Халық бәрібір егеді, егер олар егу жұмыстарын ылғалдың осындай мол болып тұрған тұсында жүргізсе, онда көп өнім алады. Менің ойым осындай. Алайда егінді жинап алу уақыты созылып кету қаупі де жоқ емес. Біреулер өткен жылғыдай егінді уақытытнда жинап үгермей, ол қары астында қалып қоюы да ықтимал»,-деді министрдің орынбасары.  

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика