Өңірлер

2015 жылы елордада плотинамен 193 млн текше метр су тоқтатылды – Божко

2015 жылы елордада плотинамен 193 млн текше метр су тоқтатылды, бұл Астана инфрақұрылымын сақтауға мүмкіндік берді, деді ОКҚ брифингінде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 16:09

«Елорданы су тасқынынан қорғау үшін 2010 жылы Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғайтын кешен қолданысқа берілді. Бұл Президенттің тапсырмасымен салынған Астаналық контреттегіш. 5 жыл қатарынан Астана қаласындағы су тасқынының артық суы сақталып, Астана сол жағалауын су тасқынынан сақтап тұр. Астанаға тиесілі қар ерудің салдарынан болатын су 17,5 мың шаршы метр, біз үш рет қорғадық. Бірінші  жылы біз 40 млн шаршы метр суды плотина арқылы тоқтаттық, содан кейін 110 млн текше метр, осы жылы 193 млн текше метр су тоқтатылды. Бұл өте үлкен көлем. Бұл Астана инфрақұрылымын сақтап қалуға жәрдемдесті», - деді Божко.

Оның айтуынша, плотинадан 60 млн текше метр су ағызылды, 130 млн текше метр су қалды. «Бізде секундына 37,5 текше метр су лақтырылады, бізге Астана су қоймасы септігін тигізеді, ол 17,3 текше метр суды 1 секундта ағызады. Астана су қоймасында 410 млн текше метр су бар», - деді вице-министр.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика