Ақша-несие саясаты

2013 жылдың 9 айында бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға артты - Статагенттік

Қазақстанда 2013 жылдың 9 айында бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға артып, 3511,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
Казахстан15 Қазан , 14:11

«2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға артып, 3511,9 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көтерме сауда да осы уақыттарда 12,5% артып, 9702,2 млрд теңгені құрады. Тамақтандыру қызметтерінің құны 166,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы уақыттарымен салыстырғанда 7,4% артты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика