Өңірлер

В.Божко: Су тасқынына дайындық аясында ҚР-дағы елді мекендерден 9,1 млн текше метрден астам қар шығарылды

Су тасқынына дайындық аясында еліміздегі елді мекендерден 9,1 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 15:49

«Елдімекендерден 9, 1 млн текше метр қар шығарылды, ЖЖМ, инерциялы заттардың, ыдыс-қап, жарылғыш заттар қоры жасақталды. Өзендерде бақылау жүргізу үшін қосымша 217 бекет қойылды»,- деп мәлімдеді В.Божко.

Сонымен қатар, ІІМ вице-министрі атап өткен, осы уақытқа дейін 72 шақырым жол салынып, 107 қорғаныс бекеттері қалпына келтірілді, оңтүстік аймақтарда 1584 км арықтар мен  554 км каналдар, 729 дана су құбырлары тазартылды, оның ішінде қар көшкінінен зардап шеккен аймақтарда басымдылық берілді.

Әлем мен Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, төтенше жағдайларды алдын-алуға бағытталған қаржы зардаптың салдарын қалпына кетіруге қарағанда үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, елдімекендерді төтенше жағдайдан қорғау жұмыстары жоспарлы және алдын-ала шаралардың жүзеге асырылғанын қажет етеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика