Евразиялық одақ

ЕАЭО осы одаққа мүше елдердің тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесші комитет құрады

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысында өнеркәсіп саясаты мен техникалық реттеу мәселелері талқыланды.
Әлемде26 Мамыр , 18:37

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕЭК алқасы аталмыш комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің цемент пен әйнекті қоса алғанда құрылыс материалдарын шығару бағытындағы ынтымақтастығын дамыту туралы» ұсынысын мақұлдады. Құжат ЕЭК-ның Өнеркәсіп саясаты департаментінің одаққа мүше елдердегі өнеркәсіп саласының қазіргі және даму жағдайына жүргізген талдаулары негізінде дайындалған. Ұсыныстар ынтымақтастықты кеңейту мен осы саладағы өнеркәсіп кооперацияларын тереңдетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп салаларында орын алған ортақ мәселелерді шешуге бағытталған.    

«Ұсыныстарды жүзеге асырудың нәтижесінде кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қол жеткізіліп, экспорттық тасымалдарды қоса алғанда құрылыс материалдары өнімдерін саудалауға арналған оңтайлы көлік-логистикасы жүйесі құрылатын болады. Құжат нормаларын жүзеге асыру болашақта саланың өндірістік қуатын арттырып, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, үшінші мемлекеттерді қоса алғанда осы тауарларды саудалау нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.      

Атап өтетін мәселе, комиссия алқасы сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушыларының құқықтарын қорғайтын Консультативті комитет құрмақшы. Бұл комитет туралы ереже бекітілді. Аталмыш комитет комиссияның одаққа мүше елдердің тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі келісілген саясат жүргізу жөніндегі консультативті органы болады. Бұл саясат бірінші кезекте ЕАЭО-қа мүше елдердің тұтынушыларының құқықтарын шаруашылық субъектілерінің заңсыз әрекеттерінен қорғауда бірдей мүмкінідіктер қарастыруға, ЕЭК-ға осы сала бойынша құзырлы органдардың ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды дайындау бағытында кеңес беруге бағытталған.

 

 

 




Яндекс.Метрика