Адами капитал

Әскер қатарына жаңадан алынған 50 сарбаз отыз күндік жас жауынгер курсын бастады – Қорғаныс министрлігі

Гвардейск гарнизонының инженерлік-саперлік полкі Ақмола облысынан келген 50 жас сарбазбен толықты.
Алматы27 Мамыр , 08:37

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, олар үшін салтанатты қабылдау, бөлімнің аумағы және маңызды объектілері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. «Ең басында әрине қиын – жаңа жағдай, жаңа ұжым, оның үстіне жасөспірімдер үйлерінен шалғай жерде болады.

Сондықтан бұл кезеңде жас сарбаздардың моральдық-психологиялық жай-күйіне біз ерекше көңіл бөлетін боламыз», - деп, инженерлік-саперлік полк командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Қылыш Әлішеров атап өтті.

«Біз әрқайсысының өмірбаянын егжей-тегжейлі зерделейміз, жақынырақ танысамыз, сарбаздармен әңгімелесеміз және оларға бейімделу кезеңіненжақсы өтуге қол ұшын береміз», - деді ол.

Сарбаздар әскери ғылымның негізін меңгеруге кірісті. Оларды жас жауынгердің отыз күндік курсы күтуде. Шара барысында жастар саптық, тактикалық дайындықтан өтіп, жалпыәскери жарғыларды зерделеуге кіріседі және белсенді дене даярлығын бастайды.

Сонымен қатар, атыс қаруының  тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысып, газтұмшаларды және жалпыәскери қорғаныс жиынтықтарын киюді үйренеді. Бір жыл бойы жасөспірімдер үйі мен отбасынан алшақта өткізеді. Бірақ, олар өздерінің туысқандарына хат жаза алады, қызмет туралы әңгімелеп, әскер туралы әсерлерімен бөлісе алады. Осы мақсатта бөлімде қажетті кеңсе керек-жарақтары мен конверттер сатып алынды.

Көктемгі шақырылым бойынша ірі әскери құрамалардың бірі - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшгылығына қарасты «Отар» 40-шы әскери базасы 200-ден астам жаңадан келген сарбаздарды қызметке қабылдайды. Жас толықтыру мұнда Ақмола, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік-Қазақстан облыстарынан келеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері өзге өңірлерде осы көктемде шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздармен толықтыруды жалғастыруда.

 




Яндекс.Метрика