Үкімет

ҚР Үкіметі «Астана» қаржылық орталығын құру бойынша іс-қимыл жоспары мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кезекті Үкімет отырысын өткізді, онда әлеуметтік-қаржы мәселелерінің блогі қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 14:46

Атап айтқанда, Үкімет мүшелері Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасының тиімділігін арттыру бойынша шараларды талқылады. 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова мәлімдегендей, ЖҚЖК-2020 жүзеге асыру оны жандандыруды ескере отырып, үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

«Бұл жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған халықты «Нұрлы жол» жобаларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында еңбекпен қамту. Сондай-ақ, 2017 жылы ЭКСПО және қысқы Универсиада өткізу кезінде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға жастарды даярлау жүргізіледі. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарында пилоттық режимде аз қамтылған отбасылар үшін келісім негізінде шартты әлеуметтік төлемдер жүйесі енгізіледі», - деді Т.Дүйсенова.

Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін аймақтарда Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары әзірленген, олар 322 мыңнан астам адамды қамтиды. Министр сондай-ақ «Өрлеу» жобасы аясында атаулы әлеуметтік көмекті күшейту бойынша шаралар туралы мәлімдеді.

Отырыста сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға «Астана» халықаралық қаржылық орталығын құру және дамыту бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің Бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. 

 




Яндекс.Метрика