ҚР ИИДМБ

ҚИДИ: Еңбек өнімділігінің деңгейі –Қазақстандағы индустрияландырудың басты факторы

Қазақстанды идустрияландырылудың бірінші бесжылдығының ғана емес, кейінгі кезеңдерінің де басты көрсеткіші еңбек өнімділігінің деңгейі болады, деді «Қазақстандық идустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Қазақстанды индустрияландыру конференциясында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 13:59

«5 жылдың ішінде 28 сектор пайда болып, қайта өңдеу өнеркәсібіне бір миллиардтан астам теңге құйылды. Бүкіл әлем бойынша 615 сектор қызмет ететін болса, барлық өнеркәсіп 262-ні құрайды және қайта өңдеу өнеркәсібі 230. Қазақстанда 2008 жылы 138 сектор ұсынылған болса, 2013 жылы олардың саны 154 болды. Яғни жаңа өнеркәсіп секторлары пайда болды»,-деді А.Құлсейітов.  

Оның сөзінше, ішкі тұтынуда бұрын елімізде болмаған көптеген салалар мен өнімдер пайда болды. «Бүгінде өнеркәсіп нарығының жартысынан көбі өз өндірісімен қамтылған, олар нөлден бастап, 20 пайызға дейін жетті. Біз алдымызға тауармен қамтамасыз ету туралы міндет қойдық. Бұл меже 85-90 пайызға жетті. Ал экспортқа келетін болсақ қайта өңдеу өнеркәсібі саласында экпорт көлемі кеміп барады, бірақ кему тек уран өнеркәсібі, темір металдары, қара металдар сияқты салаларда байқалуда. Алайда, тізімге көз тігетін болсақ бізде экспортқа шығаратын 724 жаңа тауар пайда болды. Соңғы 5 жыл көлемінде жеткілікті көңіл бөлінгендіктен экспорт құрамы да артараптандырылды»,-деді сарапшы.   

 

 




Яндекс.Метрика