Халықаралық интеграция

Алматыдағы халықаралық курсқа шет мемлекеттердің өкілдері қатысуда (Фото)

Алматы қаласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС базасында химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды болдырмау жөніндегі Халықаралық курстары ашылды.
Алматы қаласы 26 Мамыр, 15:19

Курс Қазақстан Республикасы  ІІМ Төтенше жағдайлар  Комитеті мен НАТО-ның Азаматық қорғау топтарының арасындағы өзара келісімі туралы Меморандумға сәйкес өтіп жатыр, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД.

Курстың ашылуында ҚР ІІМ Төтеншще жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жасұлан Джумашев Қазақстан Республикасы атынан, ал НАТО-ның атынан НАТО-ның Азаматық қорғау тобының басшысы Рагнер Бо кіріспе сөз сөйледі.

Биыл Халықаралық курс екінші рет өтіп отыр.Курсқа  қазақстандық құтқарушылармен қоса Норвегия, Болгария,Армения, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Қырғызстан мемлекеттерінің өкілдері қатысуда.

Курс барысында тыңдаушыларға Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық  апаттардан қорғау туралы өз елдерінде ХБРЯ даярлық бағдарламаларына қажетті теориялық және  практикалық білім беріледі.

Курстың соңында оқытудың жалпы қортындысы жарияланып, тыңдаушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылады.

 





Яндекс.Метрика