ҚР ИИДМБ

ҮИИДМБ Қазақстанға жаһандық экономикалық келеңсіздіктерге қарсы тұруға көмектесті -халықаралық сарапшы

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанға жаһандық келеңсіздіктерге қарсы тұруға көмектесті , деп мәлімдеді Халықаралық банктің халықаралық сарапшысы Мелисса Рекас индустрияландыру конференциясы барысында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 13:01

«2050 жылы Қазақстан әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі керек. Бұл екі басымдылыққа қолдау көрсетеді: жаңа жұмыс орындарын ашу және жалпы экономика өсімі. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет басымдылықтарды бірқатар мемлекеттік бағдарламадара атап көрсетті», - деді  М.Рекас.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметі бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ҮИИДМБ және ИИДМБ сынды бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жасақтады. 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстанға жаһандық келеңсіздіктерге қарсы тұруға көмектесті

«Біз 2010-2014ж арналған ҮИИДМБ-ның нәтижесін және Қазақстанның қалай өз әлеуетін арттыра алатынын бағаладық. Жалпы, бағдарлама шын мәнінде Қазақстанға жаһандық келеңсіздіктерге қарсы тұруға көмектесті», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика