Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Астанада Қостанай облысының мәдениет күндері өтіп жатыр

Астанада 14-20 қазан аралығында Қостанай облысы мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы мәдениет басқармасы.
Астана қаласы15 Қазан , 13:59

«Қостанай облысы мәдениет күндерін өткізу елорда халқы мен қонақтардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл күндері көрмелер, әдеби-музыкалық кештер, қойылымдар мен концерттік бағдарламалар өтеді», - делінген хабарламада.

Кішкентай астаналықтар үшін 18 қазанда сағат 11:00-де «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-де «Керек болу керек» атты қуыршақ қойылымы өтеді.

Осы күні сағат 15:00-де Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Еңбек сіңірген мәдени қайраткері, композитор Қалыбек Дербісәлдиннің 60 жылдығына арналған музыкалық-әдеби кездесу өтеді.

19 қазанда 19:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыка-драма театрында «Боздаға бойдақтар» атты комедия қойылады. Ал 20 қазанда сағат 18:00-де оқушылар сарайында көрермендерге «Ақ келін» қойылымы ұсынылады.

Қостанай облысы мәдениет күндерін 19-20 қазанда қала әкімдігі алдындағы алаңжа бұқаралық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қорытындылайды. Сонымен қатар жәрмеңкемен қатар алаңда қолданбалы және өнер көрмесі өтеді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика