Парламент

Сенат комитетінде бірқатар халықаралық құжаттар қаралды

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген мәжілісінде «Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 12:32

Қазақстан, Әзірбайжан, Иран және Ресей Үкіметтері бір ғана мемлекеттің күшімен жою мүмкін емес әрі келісілген іс-қимылдарды қажет ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын мойындай отырып, Каспий теңізіндегі болуы ықтимал төтенше жағдайлар кезінде ынтымақтастықта қызмет ету жөніндегі келісімге қол қойды.

Келісім Каспий теңізінде табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда өзара ынтымақтастықты реттеу мәселелерін қарастырады.

Құжат талаптары бойынша төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда немесе оның болатыны айқындалған кезде бір мемлекет екінші мемлекетке жазбаша түрде көмек сұрап хат жолдайды. Көрсетілетін көмектің түріне қарай көмекті ұсынушы көмек көрсететін топты жіберу, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету жағын шешеді. Заңда осы көмекті көрсету үшін екінші бір мемлекеттің шекарасына өту нормалары, төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда көмек көрсету үшін қолданылатын құрылғыларды екінші елдің аймағына кіргізу мен шығару талаптары да бар. Әуе кемелерін қолдану жағы да қарастырылған.    




Яндекс.Метрика