Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Дүниежүзілік банк ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірқатар шешімдерді ұсынды

Дүниежүзілік банк ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірқатар шешімдерді ұсынды, деп мәлімдеді Қазақстандағы Дүниежүзілік банк кеңсесінің жетекшісі Людмила Бутенко индустрияландыру бойынша конференцияда.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 12:17

«Ынтымақтастық туралы келісімге сүйене отырып Дүниежүзілік банк қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірқатар шешімдерді ұсынды. Оған бизнес құрылымды жетілдіру, әкімшілік кедергілерді алып тастау, жұмыс кадрларының сапасын арттыру және т.т. кіреді»,- деді Л.Бутенко.

Оның айтуынша, осы ретте 100 нақты қадам оны жүзеге асыруда көмектеседі.

«ҚР Үкіметінің жасақтаған шаралары, яғни 100 қадамы осы бағытта көмектесе алады деген үміттеміз. Онда нақты және салмақты қадамдар бар, олар біздерге көмектесу керек», - деп толықтырды ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика