ҚР ИИДМБ

Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығына 700 млрд-қа жуық теңге жұмсалды

Индустрияландыруға бөлінген қаржының 80 пайызы инфрақұрылымға жұмсалды, 600-700 миллиард теңге шығындалды, деді «Қазақстандық идустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Қазақстанды индустрияландыру конференциясы барысында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 12:05

«Бірінші бесжылдықтың міндеті зауыттарды неғұрлым көбірек салып, экономика құрылымын әртараптандыру болды. Алғашқы бесжылдықта біз заңнамалық және құрылымдық негіз қаладық. Индустрияландыру экономикалық саясаттың  негізгі бөлігі болып табылады. Бұл жерде нақты түсіну керек, қаржының 80 пайызы инфрақұрылымға, АӨК мен өзге де бағыттарға жұмсалды. Индустрияландырудың нақты өзіне 600-700 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Олардың басым бөлігі «Даму» қоры, Қазақстанның даму банкі мен арнайы экономикалық аумақтар арқылы жүзеге асырылды»,-деді А.Құлсейітов. 

Оның сөзінше, алғашқы бесжылдың басты міндеті елді деиндустрияландыруды тоқтату болды, мақсат қайта өңдеу өнеркәсібінің өсіміне кедергі келтіріп отырған трендтерді тоқтату болды және оған қол жеткізілді де.

«Қазақстан қазір Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақтың құрамында. Еуропалық Одақ тарапынан берілген статистика Қазақстанда 5 жылдың ішінде қайта өңдеу өнеркәсібін мықты жетілдіруге қол жеткізілгендігін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының қолдауы мен кезең-кезеңімен жүзеге асырылған саясаттың арқасында Қазақстан, Ресей, Беларусь сияқты үш мемлекеттің арасында қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткіздік»,-деді Басқарма төрағасы.  

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика