ҚР ИИДМБ

Дүниежүзілік банк ҚР-ны ИИДМБ-ны жүзеге асыруда қолдауға дайын (Фото)

Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметін индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда қолдауға дайын, деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы кеңсесінің директоры Людмила Бутенко индустрияландыру конференциясында.
Нұр-Сұлтан 26 Мамыр, 11:47

«Дүниежүзілік банк толығымен Қазақстан Үкіметін индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда қолдауға дайын. Бұл қолдау әр түрлі тәсілмен жүзеге асады. Бізде қарыздар портфелі бар, сондай-ақ, үкіметтік кеңестер де жоқ емес», - деді ол.

Л.Бутенконың айтуынша, Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметі бірқатар жоба әзірледі.

«Мен бірқатар жоба туралы айта аламын, оны біз ҚР Үкіметімен бірлесіп жасадық. Оның біреуі ШОБ бәсекелестігін арттыруға арналған. Бұл жоба 2015 жылдың наурызында мақұлданды. Сондай-ақ, бұл жобаны жалғастыруды ойластырудамыз, ол ШОб желісінің несиесіне ағытталған», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 





Яндекс.Метрика