Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

А. Мырзахметов: 100 нақты қадам өзімен бірге еліміздің дамуына үлкен серпіліс алып келеді

Бизнес-қауымдастығы 100 нақты қадамды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын. 100 нақты қадам өзімен бірге еліміздің дамуына үлкен серпіліс алып келеді, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен баспасөз қызметінде.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 11:33

«5 институционалды реформа жүзеге асырыла бастады, комиссиялар мен жұмыс топтары құрылды. Барлық жұмыс топтарында «Атамекен» палатасы ұсынылған, барлық бағыттарда жұмыс белсенді жүргізілуде. Елбасы жақында ғана аталмыш реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам бағдарламасын ұсынды. Жасыратыны жоқ, еліміздің бизнес-қауымдастығы 100 нақты қадамды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын. 100 нақты қадам өзімен бірге еліміздің дамуына үлкен серпіліс алып келеді»,- деді А. Мырзахметов.

ҰКП басшысынан атап өткендей, кәсіпкерліктің табысты дамуының кепілі кәсіби мемлекеттік аппарат, бизнес пен халыққа көрсетілетін білікті қызмет. «Осы ретте біз мемлекеттік аппаратқа өз міндеттерін кәсіпкерлер мен халықтың алдында орындауы үшін қолдау көрестуге әзір»,- деп толықтырды Мырзахметов.

Сонымен қатар, ҰКП басшысы атап өткендей, 100 нақты қадамның жартысы индустрияландыруға және ел экономикасының өсіміне бағыттылған, бұл кәсіпкерлік пен бизнестің жеке түрлерінің дамуы үшін маңызды.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика