ҚР ИИДМБ

Қазақстан қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша 2035 жылы ең үздік 30 елдің қатарына кіреді - ҚИДИ

Қазақстан 2035 жылы қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі мүмкін, егер индустрияландыру идеясы ұлттық идеяға айналса, деді «Қазақстандық идустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Қазақстанды индустрияландыру конференциясы барысында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 11:18

«Бүкіләлемдік банк ҚР Үкіметінің өтініші бойынша, алғашқы бесжылдықтың қорытындысын талдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Бізге елді индустрияландыру жұмыстарын қалай жетілдіру керек, жалпы бізге бұл бағытта қандай шараларды қолға алу қажет деген сыңайдағы сарапшылардың пікірлерін білу маңызды. Бүгін біз Қазақстанда жүріп жатқан үдерістерге деген Бүкіләлемдік банктің пікірін білеміз. Қазақстанның енді қалай бағыт алуы қажеттігін білу үшін алғашқы бесжылдықтың қорытындысын талдап алу қажет. Қазіргі таңда қоғам арасында аталмыш бағдарлама қажет немесе қажет емес деген мәселе төңірегінде үлкен тартыс туып отыр. Сол себепті қазір жағдайда бағалап, мемлекеттік бағдарламаның қандай мәселелерді мақсат еткендігін нақты анықтап алу қажет»,-деді А.Құлсейітов.     

Оның сөзінше, мемлекеттік бағдарлама туралы айтылып жүрген аңыз-әңгімелерден де арылу керек.

«Осы аңыздардың бірі аталған бағдаралама біздің елімізді 5 жыл ішінде Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты алпауыт елдердің деңгейіне жеткізуі керек. Әрине, істің мән-жайын білетін сарапшылар бұған сене қоймайды, бірақ оған сенушілер де бар екендігін айта кету керек. Бұл кәсіби тұрғыдан ойлау емес. Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің ішіне кіруге қажетті мерзімді нақты көрсетті. Германия, Жапония, Сингапур сияқты үздік елдердің отыздығына кіру үшін нақты меже 2050 жыл. Бұл ретте шикізатқа деген қайта өңдеу өнеркәсібінің осы бағыттағы саясатты жүзеге асыруда маңызды рөлге ие екендігін жақсы түсіну керек. Біздің болжамымыз бойынша, қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша үздік отыздықтың қатарына біз 2035 жылы кіреміз, әрине егер идустрияландыру идеологиясы ұлттық идеяға айналса»,-деді А.Құлсейітов.      

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

     

 




Яндекс.Метрика