Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ШҚО-да құс етін терең қайта дайындау зауыты ашылды

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында құс етін терең қайта дайындау «Айтас-МП» ЖШС зауытының ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан15 Қазан , 13:53

«Зауыт құрылысына салынған инвестиция көлемі 1,779 млрд теңгеге жетті, соның ішінде өзіндік құрал 608,8 млн теңге, ал 1170,2 млн теңге екінші деңгейлі банктерден қарызға алынды. Зауыттың жоба қуаты жылына 12 мың тонна өнімді құрайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өндіріс түрі 150 түрді құрап, соның ішінде құс еті мен қызыл ет өнімдері, шұшық түрлері, деликатестер мен жартылай фабрикаттар бар. Зауыттың жұмысшылар құрамы 400 адамды құрайды.

Жалпы республика көлемінде тамақ өнеркәсібінің 14% құрайды. Еттің нарыққа сыйымдылығы 1,2 млн тонна.

Айта кету керек, ет өңдеу кәсіпкерліктері тарапынан өткен дылы 264 мың тонна өнім өндірілсе, пайыздық көрсеткіші 28% құраған. Ал ет өнімдерінің экспорт көлемі 3,7 мың тоннаға жетті.




Яндекс.Метрика