Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да денсаулық сақтау бойынша қызмет көрсететін бірыңғай сall-орталық іске қосылды

Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау бойынша қызмет көрсететін бірыңғай сall-орталық іске қосылды, деп ақпараттық орталықтан хабарлады.
Шығыс Қазақстан26 Мамыр , 12:48

Аталып өткендей, алдын алу жазылу қызметі арқылы бұдан былай алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәргеріне және балалар тіс емханасының қабылдауына жазылуға болады.

Электронды жазылу әдісін жүзеге асыру тапсырмасын аймақ басшысы Даниал Ахметов ағымдағы жылдың ақпан айында берген болатын. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесу барысында аймақтағы денсаулық сақтау саласының қызметін сын тезіне алған болатын.

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтарға арналған саll-орталық пен арнайы сайт ашылды. Мамандардың айтуынша, жоба уақытты үнемдеуге және тіркеу бөліміндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

«Сall-орталықтың және арнайы сайттың көмегімен үйден шықпай-ақ қажетті маманның қабыладуына жазылуға болады. Оның үстіне халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде»,- деп денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Жалпы, орталыққа немесе сайтқа кіру арқылы кепілдендірілген медициналық көмек, учаскелік дәрігерің қабылдау уақыты мен жұмыс кестесі  туралы жан-жақты ақпарат алуға болады.




Яндекс.Метрика