Евразиялық одақ

Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошталық марка шықты

Астана қаласында «Қазпочта» АҚ «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» атты серияда, Еуразиялық экономикалық одаққа арналған пошталық маркасының шығуы жайлы хабарлайды.
Казахстан27 Мамыр , 10:38

2014 жылы, 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол Астанада қойылды. Одақтың бірінші жылдығын атап, «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясын, Ақ Орданың аясында желбіреген Қазақстанның туы және ЕурАзЭҚ-тың символикасы бейнеленген марка толықтырады, деп хабарлады ұлттық компания.  

Төрт бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 156 х 144 мм. Марканың өлшемі 52 х 36 мм. Парақта  6 марка. Марканың номиналы – 100 теңге. Маркалардың таралымы 5100 марка. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды. Маркаға мөр 22 мамырда,  №17 бөлісшедегі Филателия Салонында басылды.

2015 жылы, «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының қатарына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктағы маркалардың атаулы құны 200 теңге, ал жалпы таралымы 15 000 дана.

 «Бұл сериядағы маркалар филателисттердің арасында өте танымал. Себебі маркалардың тақырыптары ең маңызды ұлттық және халықаралық іс-шараларға, мерекелерге, Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекеттік жүйесіне, , естелік және көрнекті тұлғалардың мерейтойларына және тарихқа қатысты» - деп «Казпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Машабаев түсіндірді.

 




Яндекс.Метрика