ҚР ИИДМБ

А.Буше: Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасының сәтті әртараптандырылғандығын айтуда

Индустрияландыру Қазақстан үшін де, шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін де маңызды тақырып. Еуропалық Одақта елдің экономикасын әртараптандыру мәселесінің шешілуін ерекше атап өтуде, деді елші, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы тұрақты өкілі Аурелия Буше Қазақстандағы индустрияландыру бойынша өтіп жатқан конференция барысында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 10:41

«Индустрияландыру Қазақстан үшін де, шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін де маңызды тақырып. Біз ЕО өкілдері Қазақстанның өз экономикасын әрттараптандыру мәселесін қалай шешкендігіне тамсанып отырмыз. Экономиканы әртараптандырудың мәні зор және ол «Стратегия-2030», «Стратегия-2050» бағдарламаларынан бастап, аталған бағыт бойынша жүзеге асырылатын түрлі жол карталары есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымын дайындалып жүзеге асырылып жатқан барлық стратегиялық жоспарлар барысында тұрақты атқарылып келеді. Осы ертте айта кететін мәселе, өнеркәсіптің өндіруші салаларына тәуелді болу қоғамның өсу әлеуетін шектеп, білім беру деңгейін арттыруға деген ұмтылысын жоюы мүмкін. Алайда қазір жаңа өндіруші салалар бойынша негізінен экономиканы әртараптандырудың негізінде гүлденіп келе жатқан өзге бағыттар бойынша жаңа технологиялар қолданылуда»,-деді А.Буше.   

ЕО-тың Қазақстандағы өкілінің айтуынша, өзге елдердегі жағдай экономиканы әртарапттандыра алмаудың салдары елде әлеуметтік және саяси шиеленістерге алып келуі мүмкіндігін көрсетіп отыр.  

«Аймақтардың дамуын экономиканы әртараптандырудан бөліп қарауға болмайды. Тіпті мұнай сияқты өзге де қазба байлықтарға бай Қазақстанның өзінде барлық аймақтар бірдей ресурстарға бай емес. Сондықтан Қазақстанда даму үдерісінің барлық аймақтарда бірдей болуының маңызы зор. Міне, осы ретте экономиканы әртараптандырудың рөлі өте зор екендігін байқаймыз. ҚР Үкіметі тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын басым бағыттарды айқындаған соң еуропалықтардың бұл елге деген қызығушылығы да арта түсті»,-деп қосты А.Буше.  

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика