EXPO-2017

20 елдің студенті ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған тұрғын квартал жобасын ұсынады

28-29 мамыр күндері Астанада «Көптеген мүмкіндіктері бар жайлы үйді жобалау» атты студенттер арасындағы 11-халықаралық сәулет байқауының финалы өтеді.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 10:58

Француздық «Saint-Gobain» компаниясының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен бірлесе ұйымдастырып отырған байқауына әлемнің 20 елінен студенттік командалар қатысады. Жалпы алғанда, сайысқа 200-ге жуық студент қатысатын болады, деп хабарлады Ұлттық компания.

Жыл сайын байқау шеңберінде жас сәулетшілерге бүкіл әлем бойынша мектептер, тұрғын ғимараттар, театрлар және тағы да басқа түрлі нысандарды жобалау ұсынылады. 2015 жылғы байқаудың тақырыбы - «Суық климатқа арналған тұрғын квартал – Астана, Қазақстан».

Әлемнің 20 елінен қатысатын жас сәулетшілер «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында салынатын энергия тиімділігі жоғары тұрғын кешендердің жобаларын ұсынатын болады.

Байқау қазылар алқасының құрамына белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілер және «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының өкілдері кіріп отыр.

 




Яндекс.Метрика