ҚР ИИДМБ

Ә.Исекешев: 100 нақты қадам ҚР-да индустриялды саясатты тиімді жүзеге асыруда қолданылады

100 нақты қадам ҚР-да индустриялды саясатты тиімді жүзеге асыруда қолданылады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Бірінші бесжылдықтың қорытындысы екінші бесжылдықты жүзеге асыру жоспары» атты конференцияда.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 10:18

«Мемлекет басшысы 5 реформа мен 100 қадамды индустрияландыру мен жаңа экономикалық өсімге арнады. Осы бағыт аясында көптеген реформалар жарияланды ол индустриялды саясаттың тиімді жүзеге асуына септігін тигізеді. Біз бірінші бесжылдықты аяқтадық, екінші индустрияландыруға көштік.  «Нұрлы жол» экономикалық саясаты аясында  қазір Елбасының  бастамасымен  жүзеге асырылып жатқан 5 институционалды реформа  аясында біз одан әрі өндірістік және экономика саясатын дамытамыз», - деді министр.

Министр атап өткендей, ИИДМБ Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылады.

«Дүниежүзілік банк мамандары индустриялды саясатты жүзеге асырудың тиімді әдістерін қарады. Дүниежүзілік банкта үлкен тәжірибе бар, олар әлемнің көптеген елдерінде  тәжірибе динақтайды. Көптеген елдерде экономикалық реформалар осы банктің қолдауымен жүзеге асырылады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика