Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

БҚО-да 90 шақырым автожол күрделі жөндеуден өтеді

Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы 90 шақырым автожолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасынан.
Батыс Қазақстан26 Мамыр , 10:24

Аталып өткендей, ағымдағы жылы автожолдардың жөндеу жұмыстары мен күтіміне 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 3 млрд теңгесі -  республикалық бюджеттен, 2,8 млрд теңгесі  жергілікті қазынадан.

«Жалпы, аймақтағы облыстық және қалалық маңыздағы жолдардың ұзындығы 5,2 мың шақырым, оның ішінде 20%-дан сәл көп бөлігінде қара жабынды бар, 50%-ға жуығы қиыршық-ұсақ тасты болса, қалғаны қара жол. Оның үстіне жергілікті жол желісінің 75,87%-ның жағдайы көңіл көншітпейді», - деп түсіндірді ІСБ.




Яндекс.Метрика