Адами капитал

«Жас ұлан» түлектері қазақстандық әскери оқу орындары курсанттарының қатарын толықтырады (Фото)

«Жас ұлан» республикалық мектебінің 75 түлегі жүз пайыздық құраммен Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруды жоспарлауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 26 Мамыр, 15:03

Олар ресми түрде мектепті тәмамдады және жоғары оқу орнына түсу үшін алдағы ҰБТ-ға қызу дайындыққа кірісті.

«Мен оқуда жақсы нәтижелер көрсеткен, мектеп тыныс-тіршілігінің белсенділері болған ұландарға алғысымды білдіргім келеді. Алда сендерді күрделі сынақ күтіп тұр. Бірақ, сендер оған абыроймен төтеп беріп, мектептің беделін түсірмейсіңдер. Сендер әскери оқуды жалғастырып, жоғары оқу орындарына сәтті түсетіндеріңе және Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты офицерлері болатындарыңа кәміл сенімдімін», - деп, мектеп бастығы полковник Мұхтар Майкеев түлектерге ақ жол тіледі.

Былтырғы жылы «Жас ұлан» 67 жасөспірімді түлетіп шығарды. Бүгінде олар Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ Ресей, Беларусь және Қытай Қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарының курсанттары болып табылады.

 





Яндекс.Метрика