Өңірлер

Қазақстанда сомасы 161,3 млрд. теңгенің 23 971 нысаны жария етілді

Қазақстанда сомасы 161,3 млрд. теңгенің 23 971 нысаны мен құнды құжаттары жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан26 Мамыр , 09:31

Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 303,4 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 32 400 өтініш түсті.

Жария етілгендердің  сомасы 214,5 млрд. теңгеге 26 745 тұрғын үй объекті, сомасы 85,8 млрд. теңгеге 14 026 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 60,3 млрд.теңгеге 3 496 коммерциялық объект, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 2,5 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 161,3 млрд. теңгеге 23 971 объект жария етілді.

Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 481,8 млн тенге құрайтын 12 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті.

Оның ішінде сомасы 477,3 млн. тг құрайтын 8 тұрғын үй объекті, сомасы 1,5 млн. тг құрайтын  тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық обьекті.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 20.05.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 68,3 млрд.теңге ақшаны жария етуге 116 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,7 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 26,7 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 34,3 млрд. теңге.

Министріктің ақпаратынша, 21.05.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,7 млрд.теңге түсті.

 

 




Яндекс.Метрика