Үкімет

ВАК отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері талқыланды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 09:12

Қазіргі уақытта 708 рұқсат беру құжатының 481-і өзін өзі реттейді, солардың ішінде 41 рұқсатнама халықаралық қатынас деңгейінде регламенттеледі, 52-сі рұқсат беру құжаттары реттелетін қызметтің қауіптілік дәрежелеріне байланысты беріледі. Сараптама тобының жұмыс нәтижесі бойынша, 388 рұқсатнаманың (халықаралық келісім-шарттар мен рұқсат беру құжаттары реттелетін қызметтің қауіптілік дәрежелеріне байланысты берілетін түрлерін есептемегенде) 111-інен бас тартылды, 20 ескертпе ретіне көшірілді, 58-і қысқартылды. Нәтижесінде рұқсат беру құжаты 189 (49%) дейін қысқарады.

Комиссия мүшелері бизнеске әсер ететін сараптама мәселелерін, кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа талаптардың енгізілуін талқылады.

 




Яндекс.Метрика