Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

СҚО-да 2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 323 адамды жұмыспен қамту жоспарланған

2015 жылы «Жасыл ел» республикалық акциясы аясында 323 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, деді аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңес барысында ішкі саясат басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Алмаз Файзуллин.
Солтүстік Қазақстан25 Мамыр , 18:57

А.Файзулина атап өткендей, аймақта «Жасыл ел» республикалық акциясы 2009 жылдан бастап жүзеге асуда. «Осы уақыт аралығында 2394 адам жұмысқа орналасты. 2014 жылы 323 адам жұмысқа орналасты», - деді ол.

Шілдеден тамызға дейін «Жасыл ел» қатысушылары орманды санитарлық тазартумен айналысты. Осы уақыт аралығында 814,6 га жер өңделді.

Сондай-ақ, абаттандыру бойынша және жасылдандыру бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды: қайырымдылық сенбілік, ағаш отырғызу, таза жағалау, 6813 ағаш отырғызылды. «Жасыл ел» жастары 41097 теңге жалақы мен арнайы киімге ие болады.

«Осы жылы «Жасыл ел» республикалық акциясы аясында 323 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 12 мемлекеттік орман мекемесі анықталып, жұмыс жоспары құрылуда», - деді ол.

Ерік Сұлтанов барлық ұалау білдірген азаматтарды жұмысқа орналастырып, арнайы киім-кешек беруді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика