Парламент

Сенат төрағасы Қ.Тоқаев Иран мен Чехия елшілерін қабылдады (ФОТО)

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Иран Елшісі Моджтаба Дамирчилуды оның өтініші бойынша қабылдады.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 18:07

Сенат Төрағасы М.Дамирчилудың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы табысты болатынына және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

М.Дамирчилу таяудағы сайлауда Президент Н.Назарбаевтың айқын жеңісіне Иранда ықыласпен назар аударып отырғанын атап өтті: «Президент сайлауының нәтижелері халықтың өз Президентіне шынайы сенімін паш етті. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы көшбасшы болғандықтан халықтың бұл таңдауы Қазақстанның ғана емес, бүкіл аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді».

Елші Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алдағы Иранға ресми сапарына әзірлік туралы Қ.Тоқаевты хабардар етті. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының сапары екі елдің түрлі саладағы ынтымақтастығын дамытуға зор серпін беретіні туралы пікірін білдірді.

Сенат Төрағасы Қазақстандағы институттық реформалар мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әзірлік туралы туралы жүздесушіге әңгімеледі және Дүниежүзілік ислам мазхабшыларының жақындасу ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мохсен Аракидің діни форумға қатысуына Қазақстан зор маңыз беретінін атап өтті.

Сенат Төрағасымен кездесуі барысында Чехияның Қазақстандағы Елшісі Элишка Жигова Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы елеулі жетістіктеріне тоқталды.

Қ.Тоқаев «бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағытының негізгі мәселелері туралы чех дипломатын хабардар ете келіп, осы бағдарламаларға байланысты шетелдік инвесторларға ашылатын зор мүмкіндіктерді атап өтті. Сенат Басшысы Астанада ағылшын құқықтары қағидаларына негізделген, жеңілдетілген салық тәртібі мен тәуелсіз қаржы сотына ие халықаралық қаржы орталығын құру жоспарларына Чехия елшісінің назарын аударды.

Елші Жигова Қазақстан экономикада реформаларды белсенді жүргізіп келе жатқан мемлекет ретінде әлемге танымал екенін атап өтті. Ол Қазақстанмен ынтымақтасқан мемлекетке қатынастарды құқықтық реттеуге мақсатындағы біздің елімізде қабылданған «Дамуға ресми көмек туралы» заңның маңызды екенін айтты. «Қазақстан басқа елдерге көмек көрсететін донорға айналды, бұл дамудың жаңа сатысындағы Сіздің еліңіз сөзінің көрнекті түрдегі паш етуі», - деді чех елшісі.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика