2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Б. Сапарбаев: «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда 5 мыңға жуық жас отбасы баспаналы болды (ФОТО)

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда 5 мыңға жуық жас отбасы баспаналы болды, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгінгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі студенттермен кездесу барысында, онда «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам» басты тақырыпқа айналды.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 17:51

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда 5 мыңға жуық жас отбасы баспаналы болды», - деп мәлімдеді Б. Сапарбаев.

Вице-премьер атап өткендей, Қазақстанда жастар саясаты мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен, 2015 жылдың ақпан айында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР-ның заңы қабылданды және Үкімет 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты туралы тұжырымдаманы мақұлдады.

«Қазақстанда ҚР Президенті жанында Жастар саясаты бойынша кеңес, әкімдіктер жанында Жастардың істері бойынша кеңестер, БҒМ жанындағы Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Ұлттық компанияларда да жастармен жұмыс күшейтілген. «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «КЕGОС», «Қазатомпром»  компаниялары мен өзгелерде жастар істері бойынша кеңестер құрылған», - деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында да жас кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика