Үкімет

2015 жылы ЕЭА-да 4,4 млрд теңгенің 2 жеңіл өнеркәсібі жүзеге асырылады – Исекешев

2014 жылдың қорытындысы бойынша ЕЭА-да 8 жоба жүзеге асырылды, оның жалпы құны 22 млрд теңге, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 17:18

Ол атап өткендей, өндіріс көлемі 6,2 млрд теңгені құрады, 1500 жұмыс орны ашылды. «Сондай-ақ, ЕЭА аймағында 89,3 млрд теңге инвестицияны құрайтын 10 жоба жүзеге асырылуда. 2015 жылы 4,4 млрд теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылмақ, ол 370 жұмыс орнын ашады», - деді министр.

Оның айтуынша, ОҚО әкімдігі осы аймақты басқару үшін кәсіби шетелдік компанияны тарту мәселесін қарастыруда. «Ол үшін нақты индикаторлар анықталады – тартылатын инвестиция саны, ашылған жұмыс орындары, жаңа жобалар, өндіріс. Осы жылдың басында әкімдік түріктің «Шэмрок» компаниясымен меморандум түзді», - деді ол.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін министр атап өткендей,  « Kaznex invest» АҚ сингапурлік «Джуронг» компаниясымен ЕЭА жаңа басқару модулін әзірлемек.

«Осындай тәсілмен ЕЭА барлық стандартқа сай жұмыс істейтін болады», - деді министр.

 

 




Яндекс.Метрика