Адами капитал

НЗМ түлектері: Назарбаев Зияткерлік мектебі болашақта үлкен мүмкіндік береді

Бүгін Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (НЗМ) алтыншы сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау шырылдады. Физика-математика бейіміндегі мектептің түлектері жақсы білім алды, енді ол өз кезегінде түлектерге «Назарбаев Университетінде» немесе әлемнің өзгеде ЖОО-да білім алуға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 16:47

«Мен дәл осы мектепті тәмәмдағаныма қуаныштымын, ол бізге болашақта үлкен мүмкіндіктер береді. Біз әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсеміз. Мен белді канадалық ЖОО оқуға түстім. Бірінші кезекте біз жақсы білім алдық және біздің ұстаздарымызда керемет жандар болғанын атап өткім келеді. Біздің меткебіміз физика-математика бейімінде болатын. Менің ойымша Назарбев зияткерлік мектебі  Қазақстанның жетекші мектебі», - деп атап өтті Астанадағы НЗМ 2015 жылғы түлегі Темірхан Қонқашев мектептегі соңғы қоңырауда. 

«Біздің түлектеріміз білімін «Назарбаев Университетінде» жалғастыруды жөн көріп отыр, алайда елу пайызы әлемдік деңгейдегі ЖОО-ның шақыру бойынша шетелге кетуде. Біздің бірде бір түлегіміздің оқуға түспей қалғаны болған емес», - деді НЗМ 12-ші сыныптың жетекшісі Фарида Садықова.

 

«Жалпы, бұл мектеп мен үшін заманауи білім беру. Ертеректе интерактивті тақта, жеке ноутбук ол байлықтың белгісі болған, алайда Президентіміздің арқасында ол шындыққа айналды. Мен «Алтын белгіге» үміткермін, барлық емтихандарды тапсырып қойдық, енді нәтижесін ғана күтіп отырмыз. Мен «Назарбаев Университетіне» құрылыс инженериясы мамандығы бойынша түсудемін. Ол менің арманым. Астана ең жылдам салынып жатқан қала және оның әлеуеті зор. Менде өз саламда үздік маман атану мүмкіндігі бар», - деді  «Алтын белгіге» үміткер Нұрдәулет Қуандық.

 

 

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика