Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан –Азия мен Еуропаның арасындағы сауда үшін тиімді және оңтайлы бағыт - сарапшы

Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы жедел әрі пайдалы сауда үшін өте оңтайлы жолды ұсынып отыр. Бұл әлеуетті пайдалану үшін сапалы көлік жолдары инфрақұрылымы қажет, деді Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасының стратегиялық зерттеулер мен болжамдар бөлімінің ғылыми қызметкері. Анар Рақымжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 16:14

«Ал көлік жолдары инфрақұрылымын басқаруға әлемдік ірі компанияларды тарту мәселесіне келетін болсақ, бұл қадам Қазақстанның Азия мен Еуропа арасында сауда-саттық жедел әрі тиімді өтуі үшін өте пайдалы әрі оңтайлы бағытты ұсынып отыруымен байланысты. Бұл әлеуетті пайдалану үшін сапалы көлік жолдары инфрақұрылым қажет. Бұл бағытта жолдар салу, он күтіп ұстау, басқарумен бірыңғай оператор айналысатын болып шешілді және бұл операторды осы салада тәжірибесі бар халықаралық компания жасайды»,-деді А.Рахымжанова.

Оның сөзінше, Қазақстан аймағы Азия мен Еуропадан келетін тауарларды қажетті бағытына жолданатын қоймалар салуға арналған база іспеттес болады. «Біз жақсы темір жол желісін салдық, енді оның өткізу мүмкіндігін кеңейту қажет. Логистикалық хаб қалыптастыру жөнінде шешім қабылданып, олар бойынша еліміздің кейбір аймақтарында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, Қазақстан аумағы  Азия мен Еуропа елдерінен келетін тауарлар мен шикізаттарды жинастырып, өзінің қажетті жағына жіберуге мүмкіндік беретін қоймалар базасы іспеттес болады, соның ішінде «Батыс-Шығыс», «Солтүстік -Оңтүстік» бағытында да»,-деді сарапшы.  

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика