Басқару

Астанада Президенттің 5 реформасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығын дамыту туралы семинар өтуде (Фото)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыс әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары үшін «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері: халықаралық тәжірибе мен Қазақстан Республикасы» тақырыбында үш күндік семинар өз жұмысын бастады.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 15:58

Бұл семинардың мақсаты –  ұлт жоспарына – Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бес институционалдық  реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамына  сәйкес практикалық шараларды әзірлеу мен  талқылау болып табылады, деп хабарлады Академияның  баспасөз қызметі.

Семинарды Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ұйымдастырды.  

Семинар жұмысына Польшадан келген профессор  Ержи Бански қатысады, ол қатысушыларға  Польшаның ауыл шаруашылығын дамытудың күрделі мәселелері мен  табысты реформалар туралы айтып береді,  сондай-ақ    ЕО-ның ауыл шаруашылығы саласындағы  саясатымен таныстырады.   

Іс-шара барысында  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері  әкімдер орынбасарларына АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну, ЕАЭО мен ДСҰ жұмыс істеу жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту келешегі, өсімдік шаруашылығы мен  мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік субсидиялар   туралы айтып береді.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері  ауыл шаруашылығын басқару үшін  ғарыш технологияларын  пайдалану тәжірибесімен бөліседі.     Сонымен қатар  АӨК кредиттеу мәселелері бойынша  қатысушыларға  «Қазагро» АҚ мамандары кеңес береді.   

Семинар шеңберінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ ҚР ПӘ мемлекеттік инспекторларының    қатысуымен мәжіліс өтеді.      





Яндекс.Метрика