Өңірлер

БЖК аясында биылғы жылы 28 ақмолалық кәсіпкер өз істерін ашты

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының аясында 2015 жылдың басынан бері 28 кәсіпкер өз істерін ашты, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола25 Мамыр , 18:23

Олардың бірі Ерейментау ауданының Новоморковка ауылының тумасы Төлеухан Рошбай. Ол 3 миллион теңге көлемінде несие алып, мал соятын цех ашып, 10 адамды жұмыспен қамтыды.    

«Біздің ауданымызға мал соятын орын керек. Болашақта мен бизнесімді өркендетіп, «Асық» бағдарламасы бойынша қой өсіретін боламын. Мемлекетке бизнесті дамытуға қол ұшын созғаны үшін рахмет»,-деді кәсіпкер.  

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдаған Жолдауы мен Қазақстанның 2020 жылдарға дейінгі дамуын жүзеге асыруға бағытталған жоспарын орындау мақсатында әзірленді. «Бизнестің жол картасы -2020» Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған.

   

 




Яндекс.Метрика