Адами капитал

Атыраулық студенттер бір күндерін әскерде өткізді (Фото)

Атырау қаласының жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері бір күндерін әскерде өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Атырау 25 Мамыр, 19:51

Жасөспірімдер «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің тыныс-тіршілігімен танысты, әскери бөлім ішін аралап, жауынгерлердің тәуліктік жауынгерлік кезекшілікті атқару бекетінде, сондай-ақ жеке құрамның сабақтарында болды.

Бәрінен бұрын студенттер есінде жауынгерлік машиналар паркі қалды. Ол 41433 әскери бөлімінің мақтанышы болып табылады. Мұнда әскери киім нысанының үлгілері, қазіргі заманғы қару-жарақ пен қазақстандық армияның әскери техникасы жиналған.

Армиядағы бір күн атыраулық студенттер үшін арнайы мақсаттағы екінші рота әскери қызметшілерінің көрсетілімімен аяқталды. Жауынгерлер қоян-қолтық ұрыстың, жауынгерлік және дене даярлығының көз тартарлық элементтерін көрсетті.

 «Біздің әскери бөлімге келген жасөспірімдердің көздерінен жалын байқадым. Олар жауынгерлердің іс-қимылдарын қызыға және таңдана қарады. Жастарымызға әскери-патриоттық тәрбие беру дәл осындай қайсар, батыр, мықты әскери қызметшілерден басталады деп ойлаймын. Бұл жас жеткіншектер үшін үздік үлгі», - деп 414333 әскери бөлімінің командирі майор Ұлан Нұрғазиев атап өтті.

 





Яндекс.Метрика