Адами капитал

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті

Астрахан ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 25 Мамыр, 17:03

Байқаудың нәтижесі бойынша, аймақтың үздік отбасы анықталды, дәлірек айтсақ екі отбасы іріктелініп алынды.

Астрахан ауданының әкімі Талғат Ерсейітов  байқау жеңімпаздары  көпбалалы отбасы, үш ұрпақта ұстаздар болып келген отбасы, Асылбек пен Салтанат Қасымовтардың және Сүлеймен мен Гүлнар Жүсүновтар отбасын құттықтады.

«Іріктеу кезеңіне Астрахан ауданынан 5 отбасы қатысты. Олар спортшылар, ғылым қайраткерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық өмірдің белсенділері», - делінген хабарламада.

Аудан басшысы атап өткендей, байқау жеңімпаздары белсендік азаматтық ұстанымы бар тұлғалар.

Алда әлі облыстық екінші және республикалық үшінші кезең бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен өткізіліп келеді және отбасылық құндылықтар мен отбасы статусын көтеруге бағытталған.





Яндекс.Метрика