Халықаралық интеграция

Қ.Жақыпов: Венесуэла – Қазақстанның Латын Америкадағы келешегі зор әріптестердің бірі

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венесуэланың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісіАменотеп Замбрано Контраресті қабылдады, деп хабарлады Мәжіліс.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 15:07

Елшіні қызметімен құттықтаған Мәжіліс Спикері Венесуэла – Қазақстанның Латын Америкадағы келешегі зор әріптестердің бірі екенін атап өтті.

Қ.Жақыпов мейманға елімізде өткен Президент сайлауы туралы, Мәжілістің заң шығармашалық қызметі жайында әңгімелеп берді. Әсіресе, парламентшілердің Елбасының 5 институционалды реформасын заңнамалық қолдау жолында атқарып жатқан жұмыстарына баса көңіл бөлді.

 А. Замбрано Контрарес қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың басым жеңісімен құттықтады. Елші екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын сөз еткенде, Венесуэланың біздің еліміздің түрлі саладағы, соның ішінде, заңнамалық қызметтегі тәжірибесіне деген қызығушылығын білдірді.

А. Замбрано Контрарес қазақстандық депутаттарды осы жылы Венесуэлада өтетін парламенттік сайлауға бақылаушы ретінде келуге шақырды. Осы ретте елші Мәжіліс Төрағасына парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті. Кездесу иелерінің пікірінше, бірлескен жұмыс қос мемлекет халықтарының игілігін арттыруға ықпал етеді.

 





Яндекс.Метрика