EXPO-2017

А.Мұхамедиұлы: ЭКСПО-2017 – Қазақстанның халықаралық аренадағы мәдени имиджін көтерудің таптырмас жолы

ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру Қазақстанның халықаралық аренадағы мәдени имджін көтерудің таптырмас жолы, ол үшін бүкілқазақстандық мәдениеттің таныстырылымының жоспары да жасалды, деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 14:43

«Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтерудің таптырмас жолы ЭКСПО-2017 көрмесі болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесіне орай бүкілқазақстандық мәдениеттің таныстырылымының арнайы жоспарын жасады»,-деді ол.   

Министрдің сөзінше, көрменің шешуші тақырыптары ретінде Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси рөлін айқындайтын бағыттар таңдап алынды.  

«Шешуші тақырып ретінде: «Н.Ә.Назарбаевтың этникаарлық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің таныстырылымы», «Ата-баба мұрасы – қазақтардың дәстүрлі мәдениеті», «Астана – Еуразияның жүрегі», «Энергияның болашағы - балалар», «Қазіргі заманғы инновациялық Қазақстан», «Таңдай қақтырарлық Қазақстан» атты бағыттар алынды»,-деп қорытты сөзін ол.  

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика