Адами капитал

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 2015 жылы 91 оқушы бітірді

Назарбаев Зияткерлік мектебінде 91 оқушыға соңғы қоңырау соғылды. Мектепте «Алтын белгіге» 6 үміткер бар, 11 адам ерекше куәлікке үміткер, деді Strategy2050.kz. АА берген экслюзивті сұхбатында Тұңғыш Президент зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жәкенов.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 14:28

«Бүгін соңғы саба, түлектеріміз үшін соңғы қоңырау соғылды. Біздің мектептің 6-шы түлектері түлеп ұшқалы тұр. Бұл біздің түлектер үшін шынымен де соңғы қоңырау, себебі өзгелерінде экзамендер өтеді, ал біз оқуды тәмамдадық. Біздің түлектер екі құжатқа бірден ие болады, ол қазақстандық аттестат пен халықаралық кембридж сертификаты. Қазақстандық үлгідегі аттестет кез келген ЖОО-да грантқа үміткер бола алады, ал халықаралық құжат шетелде үміткер», - деді М.Жәкенов.

Директордың айтуынша, физика-математикалық бағыттағы мектептің бағдарламасы басқа қазақстандық мектеп бағдарламасынан ерекшеленеді.

«Осы жылы 91 оқушы бітірді,  «Алтын белгіге» 6 үміткер, ерекше куәлікке 11 үміткер бар. Жартсынан көбі «Назарбаев Университетіне» оқуға түсе алады. Өзге түлектер АҚШ, Англия және Оксфорд, Гарвард, Кембриджта білім алып, отандарына оралады», - деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы  НЗМ 2009 жылдың 12 қаңтарында ашылды.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика