Мәдениетті жаңғырту

Павлодар облысының барлық музейлерінен жиналған мың жәдігер Астанада ұсынылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Павлодар облысының барлық музейлерінен жиналған мың экспонат ұсынылды, олар ауданның құрылған кезінен бастап бүгінге дейінгі даму үдерісін көрсетеді, дейді Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Берковский.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 20:29

«Біз өзіміздің «Павлодардың Ертіс жағалауы тарих толқынында» атты экспозициямызды ала келдік. Мұнда мыңға жуық түрлі экспонаттар бар, біз олардың барлығын Павлодар облысының музейлерінен жинадық. Бұл экспозицияның құндылығы сонда, онда Павлодар өлкесінің құрылған күнінен бүгінге дейінгі дамуы көрініс тапқан. Мұнда Павлодар облысында өнеркәсіп саласы қалай жолға қойылды, тұз қалай өндірілді, өңірдің алғашқы өнеркәсіп кәсіпорындары қандай, өңірде қандай сауда-экономикалық бағыттар қарқынды дамыды деген сияқты мәселелерде кеңінен көрініс тапқан»,-деді В.Берковский.

Оның сөзінше, экспозицияда Павлодар облысында табылған көмір мен оның өндірісіне, қатысты құнды материалдарда бар. Экспозициялардың бірі аймақтағы ірі кәсіпорындар жұмысына да арналған. Павлодар өңірі энергетика саласымен де танымал. Еліміздегі барлық энергияның 40 пайызын өндіретін Екібастұз, Ақсу, Павлодар электр стансалары да музейдің материалдарынан орын алды. Музейге әкелінген экспонаттарды арасында аймақтың ауыл шаруашылығы мен мәдениет саласы да бар.

«Бұл жерден аймақтың суретші, ақын, жазушылары мен өнер адамдарының туындыларын да тамашалауға болады. Қаланың кез-келген тұрғыны осы қызықтардың барлығын музейге келіп көре алады. Шара екі ай бойына Ұлттық музейде өтеді»,-деді Мәслихат хатшысы.    

Анар Тәңірқұлова

 





Яндекс.Метрика