Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

100 нақты қадам ҚР-ның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жоспары- сарапшы

«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы кітапханасының стратегиялық зерттеулер мен болжау бөлімінің маманы Анар Рахимжанова ОКҚ-дағы брифингте.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 13:47

«100 қадам түріндегі жоспар еліміздің дамыған 30 мемлекетінің қатырына енуіне мүмкіндік береді. Аталмыш жоспар «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» бағдарламаларының жалғасы. Бұл ел экономикасының дамуы үшін, халқымыздың әл-аухатының артуы үшін және мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасау керек қадамдардың жиынтығы», - деді  А.Рахимжанова.

Оның айтуынша, «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес аса маңызды қадамдарды Қазақстанның ЕАЭО-дағы жағдайында тарифтік саясатты және салық жүйесін өзгерту керек.

«Маңызды шаралардың бірі экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындарды құру, оның ішінде жол-көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және қазақстандық брендтерді әлемдік аренаға шығару», - деп толықтырды ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Яндекс.Метрика