Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Бас прокуратураның Call-орталығына жыл басынан бері 21 мың қоңырау соғылды

2015 жылдың өткен мерзімі ішінде Бас прокуратураның Call-орталығына 21 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, деп хабарлады ведомство.
Казахстан25 Мамыр , 19:28

«2015 жылдың өткен мерзімі ішінде Бас прокуратураның Call-орталығына 21 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Тіркелген 81 шағым бойынша прокурорлық ықпал ету шараларымен екі жүзден астам азаматтың еңбек құқықтары қорғалып, еңбекақы бойынша 26 млн. теңгеден астам берешек өтелді», - делінген хабарламада.

Сөйтіп, Шығыс-Қазақстан облысы прокуратурасы Call-орталығына өз еңбек құқықтарын қорау өтінішімен хабарласқан Е.Мусаиновтың шағымы бойынша  қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Тасқара» ЖШС-нің 166 жұмыскерінің алындағы 9 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы бойынша берешегі төленді.

Қарағанды облысының прокуратурасы Call-орталығына келіп түскен «Свита Security» ЖШС-мен еңбекақының төленбей жүргені жайлы қоңырау бойынша К.Жиенбаевтың еңбек құқықтарын қорғады, жұмыс беруші айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, азаматтарды Бас прокуратураның Call-орталығына белсенді түрде хабарласуға шақырамыз. Сіздің қоңырауларыңыз бойынша шағымның шешілуіне және бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіруге бағытталған барлық қажетті шаралар міндетті түрде жасалатындығына сенімді болыңыз.




Яндекс.Метрика