Ұлттың денсаулығы

Емдеу ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтарға жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек берілді

2015 жылғы 1 қаңтардан бері медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан25 Мамыр , 16:31

Жалпы 2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 34 млрд. теңге, ал республикалық бюджеттен 50 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған.  

«Республиканың барлық өңірлерінде дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлердің рецепт жазуын, науқастардың мемлекет кепілдік берген препараттарды нақты алуын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.   

Дәрілік заттар фармацевтикалық қызметтер ұсынатын дәріханалық ұйымдар арқылы жіберіледі.      

Еске сала кетейік, амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізіміне сәйкес жүзеге асырылып, 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік зат тегін беріледі. Оның ішінде 13 нозология бойынша дәрі-дәрмекке қаражат республикалық бюджеттен, 35 нозология бойынша жергілікті бюджеттен бөлінеді.    

 

 

 




Яндекс.Метрика