Ұлттың денсаулығы

Алматыда алты елдің армиялық спортшылары үздік боксшы атағына күресуде (Фото)

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Малайзия және Әзірбайжаннан 130 мықты армиялық спортшы үздік былғары қолғап шебері атағына күресуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы қаласы 25 Мамыр, 20:41

Халық қаһарманы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан ХІХ халықаралық турнир Алматыда ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында өтеді. Біздің елді ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшылары көрсетеді.

 Олардың арасында бокстан әлем чемпионатының жүлдегері ҚР ҚМ АОСК қатардағы жауынгері Сарқұлов Елдос және жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Айхымбаев Шалқар бар. «Бокстан бұл халықаралық турнирді біз аңыз адам Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арнаймыз.

Сайыстың өзінің тарихы мен дәстүрі бар. Әрбір боксшы үшін оған қатысу, әсіресе, жеңу – бұл үлкен мақтаныш пен абырой, - деп атап өтті Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ АОСК бастығы Айталап Қорғамбаев. Халықаралық деңгейдегі жарыстарда біздің әскери қызметшілер таяу және алыс шетел мемлекеттерінің армиялық спортшыларына елеулі бәсекелестік туғызады.

Қазақстанның Қарулы Күштері спортты және әскери қызметшілердің дене даярлығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде қазақстандық армиялық спортты жаңа сапалық деңгейге көтеретін бұл спортшыларымыздың жеңісі саналады.

 

 





Яндекс.Метрика