Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Мұхамедиұлы: 100 нақты қадам - бұл Қазақстанның қарқынды халықарлық деңгейге шығуы

«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанға қарқынды халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 13:06

«100 нақты қадам –Қазақстанның бұрынғыдан өзгеше даму деңгейіне жеткендігін көрсетеді, ең бастысы бағдарлама болашақты болжауға жақсы мүмкіндік береді. Егер осыған дейінгі бағдарламаларда экономикалық дағдарастын қалай шығамыз немесе мемлекетті қалай қалыптастырамыз деген мәселе көтеріліп келсе, бұл бағдарламада біз қарқынды халықаралық деңгейге шығып отырмыз. Бұл дегеніңіз Қазақстанның тек әлемнің геосаяси орталығы ғана емес, әлемдік саяси, және экономикалық орталыққа айналды дегенді білдіреді, әрине Қазақстан болашақта әлемдік өнердің де орталығына айналуы керек»,-деді министр.

Ол әлеуемттік-мәдени туризмді дамытудың маңызды факторы еліміздің бай тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау болатындығын атап өтті.    

«Мәдени саясаттағы маңызды бағыттардың бірі «Мәңгілік ел» идеясының басты құндылықтарына негізделген бәсекеге қабілетті мәдениет қалыптастыру, қазіргі заманғы мәдение кластерлерді, әлеуметтік-мәдени туризмді қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени туризмді дамытудың маңызды факторы еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттау болмақ»,-деді министр.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Яндекс.Метрика