Адами капитал

Қызылорда облысындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 101 түлегіне соңғы қоңырау соғылды (Фото)

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы №198 орта мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 25 Мамыр, 12:48

«Бүгінде Егеменді Қазақстанда сіздердің сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы ҰБТ-дан табысты өткен 240 көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары облыс әкімінің білім грантына ие болды», - делінген хабарламада.  

«Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасымен 300-ден астам бала ЖОО-на оқуға түсті. Сонымен қатар, алғаш рет Қызылорда қаласында Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСИС) қабылдау емтиханы жүргізілді. 

 Ресей мемлекетінің маңдай алды ЖОО-на талапкерлер бюджеттік негізде оқуға ие болуда.  Осының барлығы да сіздердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар.

Облыста биыл 292 мектептен 4303 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың  227-і алтын белгіге, 69-ы үздік аттестатқа  үміткер.

Айта кетейік, биыл облысымыздың дарынды 84 оқушысы Қазақстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып, 46-сы жүлделі орындарды иеленді. 





Яндекс.Метрика