Мәдениетті жаңғырту

А.Мұхамедиұлы: ҚР-ның тарихи-мәдени құндылықтары шетелдік ғалымдар қауымының үлкен қызығушылығын тудыруда

Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары шетелдік ғалымдар қауымының үлкен қызығушылығын тудыруда, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 12:33

«Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары шетелдік ғалымдар қауымының үлкен қызығушылығын тудыруда. Катар, норвеж, неміс ғалымдары ескерткіштердің археологиялық қазба жұмыстарына қатысатын болады. Олардың ішінде Берел қорғаны, Тамғалы археологиялық ландшафтының петрогливтері,  Отырар қаласы мен өзгелерде бар», - деді А.Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысының айтуынша, норвеж ғалымдары зерттеу жұмыстарын Ботай, Ұлытау қалаларында бастап кетті, онда көне заманда жерленген  жанның ДНК алды. Бүгінгі таңда зерттеу нәтижесі Еуропада жарияланған.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстанға норвеж ғалымдарының ірі тобы келген болатын. Олар Ботай, Ұлытау қалаларында көне заманда жерленген  жанның ДНК алды. Бүгінгі таңда зерттеу нәтижесі Еуропада жарияланған. Таңғаларлық жайт, көне заманда жерленген жанның ДНК-ы Еуропаның көне тұрғындарының ДНК ұқсас. Әрине, бұл ғылым әлемінде үлкен резонанс тудырды. Біз жақын арада үлкен ғалымдар тобын күтіп отырмыз, олардың әрқайсысы өзінің саласы бойынша жұмыс істейтін болады», - деп түйді  министр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика