Өңірлер

Қазақстанда 26 мамырдан бастап автокөлік құралдарына рұқсат етілетін жаңа өлшемдер өз күшіне енеді

2015 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР ИДМ-нің «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін өлшемдерін бекіту туралы» бұйрығы күшіне енеді, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Казахстан25 Мамыр , 19:14

Басқа параметрлермен қоса бұйрыққа автокөлік құралдарының шығарындылар нормативінің төртінші экологиялық сыныпқа сәйкестігі, сондай-ақ қауіпсіздіктің қосымша жүйелерінің, атап айтқанда жүргізушілердің қауіпсіздік жастықтарының, балалар отырғыштарының бекітілу құрылғыларының, күндізгі қозғалыстағы жарықтың және тежегіштердің антиблокировкалық жүйесінің болуы жөніндегі талаптар енгізілген.

2015 жылғы 26 мамырдан бастап бұл талаптарды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін күндізгі қозғалыстағы жарықтың болуы жөніндегі талаптан өзгесі) ішкі істер органдарының қызметкерлері автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу барысында бақыланатын болады.

Аталмыш талаптар Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде ескерілгендігін атап өткен жөн. Алайда ол талаптар тек үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына ғана қатысы бар болатын. Бұл бұйрық енгізілуіне байланысты олар Қазақстан аумағына Кеден одағына мүше-елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына да тікелей қатысты болды.

Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен  әкелінетін автокөлік құралдарын жоғарыда аталған бұйрық талаптарына сәйкес келмейтіндерін Қазақстанда  тіркеуге алынбайтын болды.




Яндекс.Метрика